«Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.
Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.
Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Идеяның түпкі төркіні — Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз» — деп Тұңғыш Елбасымыз «Киелі Қазақстан» жобасын ұсынған еді. №60 ЖББОМ-ның 7″Д» класс оқушылары мен ата-аналары ұсынылған жобаны қолға ала отырып, «Киелі Қазақстан» туристік-өлкетану саяxаты аясында балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатымен Алға ауданы, Бестамақ елдімекенінде орналасқан Есет Көкіұлы атамыздың кесенесіне рухани саяхат жасады. Оқушылар кесене тариxымен және құнды жәдігерлермен кеңінен танысып, руxани тәлім-тәрбие ала білді. Сонымен бірге, оқушылар туған өлкеміздегі батыр атамыздың кесенесіне сенбілік жұмыстарын жасап, өз үлестерін қосты.
Класс жетекшісі: Изтлеуова С.Қ.