"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

2016 жылдың 29 тамызында Ақтөбе қаласы Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында…

2016 жылдың 29 тамызында Ақтөбе қаласы Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген №60 жалпы білім беретін орта мектеп бүгінде, Ақтөбе қаласының 10 үздік мектептер қатарына кіріп, оқу-тәрбие жетістіктерінің көрсеткіштері бойынша 4-орынды иеленіп, гимназия-лицейлердің қатарынан табылып отыр. 1200 орындық балаға арналған менің мектебімде 2019-2020 оқу жылында 3575 бала сапалы білім алып, саналы тәрбиемен сусындауда. Мектебімізде әр баланың жеке тұлғалық дамуына жағдай жасалып, бос уақыты тиімді ұйымдастырылған. Мен осындай жаңа, тап-таза, зәулім, тұғырлы, айбынды білім ордасында оқитынымды мақтан етемін. Зор ілтипатпен, 10 А класс оқушысы Ильясова Томирис
#60zhbbom
#МеніңМектебімМеніңМақтанышым#МояШколаМояГордость
#60zhbbom_life