"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ҮЛКЕНІН ҚҰРМЕТТЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ!

2019 жылдың 1 қазанында Халықаралық қарттар күніне орай #60 жббом-ға 2019-2020 оқу жылында жұмысқа қабылданған 50 мұғалім мен маман Нұр Ақтөбе мөлтек ауданының ардагерлеріне арнап, «Аман бол, асыл қарттарым !» атты мерекелік концертін тарту етті. Тажимишев Абзал Амантайұлы басқарған №60жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы мұндай дәстүрлі шараны жыл сайын ардагерлерімізді ұлықтау, құрметтеу мақсатында ерекше ықыласпен ұйымдастырып келеді. Салтанатты шарада қамқоршылық кеңес төрағасы Әлиұлы Боранбай мен мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы құттықтау сөзін сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік концерт ұстаздардың орындауындағы әсем әнмен, керемет бимен, ұжымдық хормен ерекшеленді.
Ардагерлерімізді қадірлеп, ұлыларымызды ұлықтап, келешек ұрпаққа кемел үлгі көрсетер игілігіміз көп болғай !!!