2020 жылдың 24 қаңтар күні аралық және ІІ ауысым кластары үшін ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында 2-тоқсанның білім сапасы, оқушылардың үлгерімі, І жартыжылдық бойынша оқушылардың жетістіктері туралы, жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылық пен оқыс жағдайлардың алдын алу мәселелері көтерілді. Әрі қарай, оқушылар үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы талқыланып, ата-аналарға бала өміріне аса қауіпті — СНЮС жайында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектептің ішкі тәртіп ережесін негізге ала отырып, ұялы телефон, бағалы заттар, 200 теңгеден артық ақша әкелуге болмайтындығы, мектеп ғимараты ішінде балалардың сақтық-қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануы жайында ескертілді.
[ngg src=»galleries» ids=»63″ display=»basic_thumbnail» thumbnail_crop=»0″]