Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қариялардың жүзіне күлкі сыйлап, болашақ ұрпақты үлкенге құрмет көрсетуге, аялауға, қадірлей білуге баулу мақсатында 2020 жылдың 11-ақпан күні мектебіміздің ұстаздары мен білім алушылары «Жүрегіміз мейірімділікке толы» атты қарттар үйінде концерт өткізді.
С целью воспитания у подрастающего поколения чувства уважения, бережного отношения к старшему поколению 11 февраля 2020 года, учителя и учащиеся нашей школы провели концерт в доме престарелых на тему: «Сердце наполненное добротой».