Ақпан айының 9-да дүниеге келген Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ақынды еске алу кеші болып өтті. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де,барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. «Ақынмен деп қалай айта аламын,Халқымның өз айтқанын қайталадым.Күпі киген қазақтың қара өлеңін,Шекпен жауып өзіңе қайтарамын»- деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Кеште ақынның өлеңдері оқылып,сөзіне жазылған әндер шырқалып.ақын шығармаларынан көріністер көрсетілді.
[ngg src=»galleries» ids=»100″ display=»basic_thumbnail» thumbnail_crop=»0″]