«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз» деп айтқандай жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Жақсылық жасау – адамгершіліктің, имандылықтың тәрбиеліктің, парасаттылықтың көрінісі болып саналады.
№ 60 жалпы білім беретін орта мектепте жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 оқушы бар. Мектептің әлеуметтік педагогтары үш ай сайын жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың тұрмыстық-жағдайын тексеріп,акт толтырып, қамқоршыларынан есеп алып отырады.
2019 жылдың 26- қазан күні «Мейірімді жүрек» республикалық акциясы аясында «Қамқоршы күні» мерекесіне орай қамқоршыларға дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Мектеп психологтары түрлі тренингтер өткізді. Мерекелік шараға қамқоршы ата-аналар және класс жетекшілері қатысты. Мереке соңында мектеп тарапынан қамқоршыларға сыйлықтар табысталды.
10 ақпанда өзін-өзі тану пәні кафедрасының «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Тәтті жәрмеңке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.Акция барысында мектеп ұстаздары мен оқушылары өздері пісірген тәтті тағамдарды арзан бағамен сатты.
Сонымен қатар, Жаңа жылдық шырша мерекесінде класс жетекшілер мен мектептің әлеуметтік педагогтары мектебіміздегі ерекше білімді қажет ететін оқушылар мен үйден оқытылатын оқушылардың үйіне барып құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Қайырымдылық жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат- жас ұрпақ бойында адамгершілік, қамқорлық,қайырымдылық секілді ізгі қасиеттерді қалыптастыру,ата-анасының қамқорынсыз қалған оқушыларға аз да болса,көмек қолын созу. Жиналған қаражат мектебіміздегі ата-анасының қамқорынсыз қалған 8 оқушының тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ашылған есеп шоттарына 33 мыңнан аударылды.
«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, жағдайы төмен, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу — әрбір адамның азаматтық парызы.
Әлеуметтік педагогтар Аймагамбетова А.А., Абдуллина А.Н.