«Қыз баланы тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу»
Жасөспірімдік кезең — балалардың өміріндегі өтпелі, маңызды кезең. Бұл жаста бала алғашқы эмоцияларды сезінеді, ғашық болады, өзін тұлға ретінде көрсетеді. Бұл әрекеттер әрқашан сәтті бола бермейді. Сондықтан, балалар тәуелсіз, өз еркі өзінде болып көрінгісі келсе де, олар әлі үлкендердің қолдауына, түсінушілігіне мұқтаж. Осыған орай мектептің 8-11 сынып қыз балалары мен дәрігер, психологтармен онлайн кездесу өтті. Zoom платформасы арқылы өткен онлайн кездесуге Қарғалы емханасының дәрігері Динара Бөкенбай қатысып, қыз балаларға кеңес беріп, маман ретінде осы тақырыпта өз ойымен бөлісті.
Қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.
Кездесудің мақсаты қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу арқылы оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, қыздардың сұлулық, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдарды түсіндіруге бағытталған.
Қыз баланың бой жету кезеңінде болатын физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістер туралы мағлұмат берілді.