ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсанындағы « № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 1005 қаулысында көрсетілген санаттағы және Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы ҚР Үкімітінің 2019 жылғы 30 желтоқсанындағы № 1032 қаулысы барысында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету негізінде мектебіміздегі әлеуметтік отбасылардан шыққан оқушылардың тізімі жасалынды.
Тамыз айында мектебіміздің ата-аналарынан Google форма түрінде сауалнама алынды. Сауалнама негізінде оқушыларға қажетті киім-кешек және оның өлшемдері анықталды.
Әлеуметтік жағдайы төмен және жеңілдіктерге құқығы бар отбасы балаларын анықтау және құжаттарын зерделеу мақсатында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыс тобы құрылды. Арнайы құрылған жұмыс тобы келіп түскен 635 ата-ананың өтінішін, құжаттарын зерделеп,жекелеген санаты бойынша аз қамтылған оқушылардың тізіміне енгізді.
Жекелеген санаттары бойынша:
1). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-173;
2). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар -415;
3). Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-6:
4). Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар. (Біздің мектепте мұндай оқушы жоқ.)
5). Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын (жұмысыз, ешқандай көмек алмайтын) -41.
Әлеуметтік көмек көрсету бойынша 635 оқушыға сөмке оқу құралдарымен таратылды. Оқу құралдары әр сөмкеге бастауыш сынып оқушылары мен жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктеріне байланынысты салынды.
Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету негізінде 635 оқушының 374-і қысқы күртешеге, 219-ы қысқы етікке және спорт киімдеріне өтініш білдірді.
Ата-аналардың өтініштері бойынша қазан айында 219 оқушыға етік (оның 105-і қыз балалар, 114-і ер балалар), 42 оқушыға (қыз балалар) мектеп формасы,374 оқушыға қысқы күртеше таратылды.
Әлеуметтік педагогтар Аймагамбетова А.А., Абдуллина А.Н.