Мектеп жасындағы кезең бала өмірінде айрықша орын алатын кезең болып табылады. Сол себептен мектеп жасындағы балаларға дыбысты қоюда ұсынылатын логопедиялық сабақтар, яғни артикуляциялық жаттығулар, жаттамақтар топтамасы, жаңылтпаштар, логоритмика тәсілдерінің тиімді тұстарын ашып көрсетіп, балаға нәтижелі болатындай жүйелілікпен өткізу. Бұл әдістер балаға дыбыстарды дұрыс айтуына септігін тигізуі қажет. Логопедиялық сабақтарды балаға өткізу барысында тиімді деп саналатын әдістер – артикуляциялық жаттығулар жүйесі, жаттамақтар топтамасы, жаңылтпаштар, тақпақтар және логоритмика тәсілдері. Логопедиялық сабақтар жеке немесе шағын топтармен жүргізіледі, себебі көбінесе балалар өзіне айтылғанды толық көлемде түсінбейді, жұмыс істеу қабілеті, зейін көлемі мен есте сақтауы төмен. Алғашқы сабақтар балаға жақсы таныс кейіпкерлердің қатысуымен, тек ойын түрінде жүргізілуі керек.
Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылдарын қалыптастыру жұмысы негізінен артикуляциялық жаттығулар арқылы іске асырылады. Ол мүшелердің қозғалысы мен ауысымдылығын жаттықтыру; барлық дыбыстарды, сондай-ақ тиісті бір топтағы дыбысты дұрыс айту үшін еріндердің, тілдің белгілі бір қалпын пысықтауға керекті жаттығуларды қамтиды. Артикуляциялық жаттығуларды жүргізудің басты талабы – жүйелілік. Сабақта күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспауы керек. Бір күн ішінде бірнеше рет түрлі жаттығулар орындалу керек.
Жаттамақтар – бұл әзілдің бір түрі. Мақсаты – арнайы сөздердің жинағы, артикуляцияны қалыптастыруға арналған тез әрі бірнеше рет қайталанатын сөйлеу тілін дамытуға арналған құрал.
Дыбысты дұрыс айтуын бекіту мақсатында әр түрлі жаттамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар және санамақтарды қайталатамыз. Жаттамақтар әр уақытта логопедтер үшін тәжірибе жүргізу мақсатында немесе бекітуге арналған жаттығулар ретінде жиі пайдаланылады. Бұл жаттығулар арқылы баланың дыбысты айтуын автоматтандыру, яғни сөйлеу тілін қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жетті. Жаттамақтардың таралу формалары әр түрлі болып келеді: кезектесе қайталау, әр түрлі эмоциялық жағдайға байланысты, ертегі кейіпкерлері арқылы, доптың көмегімен, массаждық доп арқылы сөздік, куб арқылы.
Логопедиялық сабақтарда жүргізілетін келесі әдістің түрі – тақпақтар топтамасы. Тақпақтар баланы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға, адалдыққа баулиды. Сәбидің танымына сәйкес жазылған тақпақ оның білімге деген қызығушылығын оятады.
Тақпақтарды жатқа айту баланың есте сақтау қабілетін күшейтеді. Ең қызығы, психологтар «егер бала аяқ астынан еркелеп бүлінсе, оның құлағына өзі жаттаған сүйікті тақпақтарын сыбырлап айтып беріңіз» деп кеңес береді. Мұндайда ол тез жұбанып, тақпақтың келесі шумағын өзі айта бастайды.
Логоритмика – бұл музыкамен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі. Ырғақты сезіну адамның маңызды сезімдерінің бірі. Дәл логоритмика осы параметрлердің бәрі бойынша баланың ырғақты дамуына құралады:
музыкада және қимылдағы сөйлеуде (моторикада).
Ең жарқын ырғақты біз музыкадан естиміз. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың ырғақты естуін, сөйлеудегі және қимылдардағы ырғақты сезінуін барынша ерте дамыту керек. Дұрыс, таза сөйлеуді уақытында игеру баланың өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға, ойлауын, коммуникативтік қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді. Өкінішке орай, соңғы жылдары әртүрлі сөйлеуі бұзылған қос санаттағы балалар саны артуда. Көруі бұзылған балалардың қимыл, тілдік, психикалық салаларында ауытқушылықтар байқалады, ал музыкалық-ырғақты қимылдар релаксациялық қызмет атқарады, эмоционалды бәсеңдікке жетуге, ақыл-ой жүктемелерін және шаршауды басуға көмектеседі
Логопедиялық ритмика құралдары:
Жоғарыда аталған қызмет түрлерінің бәрін құрудың негізгі қағидаты – қимылдың музыкамен тығыз байланысы және тілдік материалды енгізу. Сөз әртүрлі формаларда енгізіледі: әндердің, ән айту арқылы драмалау, берілген тақырыпты сахналау, қимылды ойындарда жүргізушінің нұсқаулары. Сөзді енгізу музыкалық ырғақпен емес, керісінше өлең түріндегі ырғақпен бірқатар жаттығулар құрауға мүмкіндік береді, олар бұл ретте қимылдардағы ырғақтылық қағидатын сақтауға ықпал етеді. Осылайша, музыка сабақтарында өзіндік музыкалық-қимыл-тілдік негіз құрылады. Логоритмика әсердің маңызды буынын тілді дамыту және тілдік бұзылуларды түзетуді құрайды. Бұл жүйе келесі бағыттар бойынша жұмыстан құралады:
Мнемотехника дегеніміз не? Ол балалардың қоршаған орта туралы алған білімдерін тиімді есте сақтауы, хабарламаны сақтап және жаңғыртуы, тіл дамуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесі.
Мақсаттары мен міндеттері:
— Балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтқызу,грамматика құрылысын сақтай отырып дұрыс сөйлем құру және де лексикалық тақырыптар бойынша балалардың сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме құрастыру.
— Балалардың шығармашылық елестеуін, есте сақтау қабілеттерін, көру зейінін, конструктивті және кескінді бейне арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі: Белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып, мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдыландыру, оқыту уақытын қысқарту.
Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, логоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
Балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.
Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі:
— аударма жұмысын өткізу;
— мұғалімнің сұрақтары;
— суреттер қарау;
— қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталату;
— сызбалар арқылы жаттау;
Балаларға өлеңді есінде сақтау үшін, мұғалімге келесі әдістерді қолдануға болады: бірінші жолды топпен қайталау және 3-4 балаға бір-бірден қайталатқызу; фонетикалық жаттығу орындау; әсіресе мәнерлеп оқуға талап ететін сөзді, жолды балаларға қайталату. Мнемотехника — оңай жолдың қиынына қарай құрылады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыс айту кемшіліктерін түзетуге, дыбысты қоюға бағытталған кезеңдерде осы жоғарыда ұсынылып отырған логопедиялық сабақтарда жүргізілетін әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Бұл жерде мектеп жасына дейінгі балаларға тиімді деп табылатын әдістер, бала қызығушылығын арттыруға, көңіл-күйді көтеруге, түзетушілікке бағытталған артикуляциялық жаттығулар жүйесі, жаттамақтар топтамасы, жаңылтпаштар, тақпақтар, логоритмика мен мнемотехника әдістерінің тиімділігі анық көрсетіліп, қолдану жолдары да берілген. Бұл берілген логопедиялық сабақтарда жүргізілетін әдістер дефектолог-логопед мамандарымен қоса, педагог, психолог және де ата-аналарға да ұсынылатын тиімді әдістер болып табылады.
МЕКТЕП ЛОГОПЕДІ ОЙЛЫБАЕВА АЙТОЛҚЫН