9-11 класс қыз балалар арасында «Қыз бала — ұлттың айнасы» тақырыбында өткен ашық алаңдағы жиын. Мақсаты : Қыз балаларды инабаттылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Ел өмірінің қай кезеніне жіберсек те, балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі ой қозғар өзекті мәселелерді, аталы қауым еш уақытта аттап өтпеген. Кейінгі уақытта жастар арасында құқық бұзушылық әрекеттердің көбеюі ешкімді таңқалдырмаса керек. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы істелінетін қоғамдық жат қылықтары кең етек жаюда. Бұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап, баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болдының кейпін келтіруі болса, екінші жағынан әр үйдің ерке баласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, «өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда.
Жас балалардың құқықбұзушылығына бос уақыттың көптігі, пайдалы іспен айналыспаушылық, ата-ана тарапынан бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, құқықтық білімінің аздығы, сан саласы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын аулалық клубтардың жабылуы басты себепкер болып, мектептен бос уақытында не істерін білмей, еріккен баланың қандай болса да еліктеушілік танытуына әкеліп соғуда. Сол себепті мектепте оқып жүрген қыз бала, ол – үйдегі ата- ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздардың қуанышы болуы тиіс.