"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Қазақтың ұлтық ойындары» атты спорттық жарыс

«Қазақтың ұлтық ойындары» атты спорттық жарыс

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 14-29 жас аралығындағы жастар арасында «Қазақтың ұлтық ойындары» атты спорттық жарыс өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты:

  • Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау;
  • Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Спортшылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту;

Аталмыш шараға Ақтөбе қаласының әр оқу орнының белсенді жастары қатысты. Спорттық сайыс үш кезеінен тұрды. І- кезең «Тоғызқұмалақ» ойыны. ІІ- кезең «Асық ату» ойыны.  ІІІ- кезең «Арқан тартыс» ойыны. Сайыс бес команда арасында өткізілді:

  1. №60 ЖББОМ
  2. № 45 мектеп
  3. АГУ « Тарлан» колледжі
  4. «С. Байшев» атындағы колледжі
  5. Қазақ Орыс Халықаралық Университеті

Сайыс жоспарға сәйкес өткізілді. «Тоғызқұмалақ» ойынына мектебіміздің жас мұғалімі Ержанов Шынтас Ержанұлы қатысты. «Асық ату» ойынына мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Болатов Әскербек Жігерұлы мен Мінайдар Сағымбек Балтабекұлы қатысты. Ал «Арқан тартыс» сайысына  мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Ешмағамбетов Серік Кеңшілікұлы, Әнди Әділет Елтайұлы, Тыныштық Мирас Ермекұлы, Мінайдар Сағымбек Балтабекұлы жәнеде Қабдығалиев Шыңғыс Тұрғалиұлы қатысты. Сайыс жоғары деңгейде қызу әрі тартысты өтті. Өткізілген сайысты қорытындысы бойынша  «Тоғызқұмалақ» ойыны – 4 орын,  «Асық ату» ойынынан Болатов Әскербек – 4 орын және Мінайдар Сағымбек Балтабекұлы  жүлделі ІІ- орынды жеңіп алды. Ал сайыстың көркін қыздырған «Арқан тартыс» сайысынан мектебіміздің намысын қорғаған ер жігіттеріміз жүлделі І- орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз

 

Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Қабдығалиев Ш.Т