👨⚕️👩⚕️ Әлемдік пандемия кезеңіне байланысты мектептерде кезекші сыныптар ұйымдастырылып жатыр. Осыған байланысты бүгін мектебімізде медбике А.Утаева мен директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасарлары И.С.Мураталиева мен Ж.М.Селбаеваның қатысуымен кезекші сыныптарға сабақ беретін ұстаздарға оқушыларды қабылдау кезеңінде ұстануға тиіс санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың шарттарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. 60жббом кезекші сыныптарының жұмысы төмендегі талаптарға сай жүргізілетін болады:
🔵 ата-ана (баланың заңды өкілі) баласын кезекші сыныпқа беруге өтініш білдіреді;
🔵 мектеп әкімшілігі берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші сыныптар құрады;
🔵 кезекші сыныпта оқуға созылмалы ауруы жоқ балалар жіберіледі(өтініште көрсетіледі);
🔵 балалардың ата-аналары балаларды санитарлық
қауіпсіздік құралдармен қамтамасыз етеді:маска,қолғап,антисептик және бактерияға қарсы дымқыл майлық;
🔵 мектеп дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар).
🔵балаларды ата-аналары мектепке дейін және мектептен үйге дейін өздері алып жүруді жүзеге асырады;
🔵мектеп асханасы жұмыс істемейді;
🔵мектепте 41 кезекші оқу тобы құрылды;
🔵әр класта 15 оқушыдан оқытылады;
🔵 кезекші оқу топтары екі ауысымда оқиды;
🔵 әр ауысым мектепке 3түрлі уақытпен сырттан кіретін 4есіктен кіргізіледі;
🔵 таңертеңгі топтар үшін сабақ басталар уақыты : 7:45те кіріп, 8:00 де сабақ бастайды, 8:00де кірген топқа 8:15те басталады, 8:15те қабылданған топ 8:30да сабақ бастайтын болады;
🔵 түстен кейінгі топтар үшін сабақ басталар уақыты: 12:45те кіреді,13:00де бастайды, 13:00де қабылданып,13:15те бастайды,13:15те келіп,13:30да сабақ бастайды;
🔵кезекші топтар күнара оқиды,яғни 1 — топ дүйсенбі,сәрсенбі,жұма күні , 2 — топ сейсенбі,бейсенбі,сенбі күні.
🔵 қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылады;
🔵 мектепте мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.