Қыз өссе, елдің көркі
Халқымыз «Қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.
2021 жылдың 17 ақпанында № 60 ЖББОМ жанынан «Шолпы» қыз балалар мен аналар мектебі ашылды. Ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі, мұражай жанындағы «Шолпы» қыз балалар клубының жетекшісі Сарбай Алмагүл Сүндетқызы; «Қазақстан патриоты» медалінің иегері, мұражай жанындағы «Руханият» клубының жетекшісі «Шолпы» клубы кеңесінің мүшесі Абдуллина Жібек Османғалиқызы; «Шолпы» клубының кеңес мүшесі Ідірісова Орынгүл Бижанқызы; ата-ана, педагог және медиатор, «Шолпы» клубының кеңес мүшесі Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы қатысты. Сарбай Алмагүл Сүндетқызы «Шолпы» қыз балалар мен аналар мектебінің ашылуын растайтын сертификат табыстады.Алдағы уақытта Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мектебіміздің жанынан ашылған “Шолпы” қыз балалар мен аналар мектебінен игі іс-шаралардың өтетінініне зор сенім білдіреміз.