2020-2021 оқу жылы
№60 жалпы білім беретін орта мектебі
мұғалім-логопедінің логопункт қызметі жұмыс бағыты
Оқу жылының өзекті мәселесі: Мектеп оқушылары арасындағы сөйлеу мен жазуында бұзылыстары бар оқушылармен жеке және топтық жұмыс түрлерін жүргізе отырып, сөйлеу тілінің бұзылыстарын болдырмау, алдын-алу.
Мақсаты:
— Сөйлеу тілі бұзылған оқушыны оқытуды,тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді,сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерін алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.
— Оқушылардың сөйлеу тілінің кемшіліктерін анықтау;
— Сөйлеу және жазу тілі бұзылған оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу;
— Сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын –алу жұмыстарын жүргізу .
Міндеттері:
— Әр түрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу;
— Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту;
-Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, құрылымын, механизмдерін анықтау;
— Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу;
— Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру;
— Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау;
— Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын алу сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.
Логопед қызметі төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1.Диагностикалық
2.Коррекциялық
3.Кеңес беру
Диагностикалық бағыт бойынша: 1-4 класс оқушыларын тексеруден өткізіп, оның ішінде: артикуляциялық аппаратын, ауыз қуысының анатомиясын, баланың туылуы туралы анамнезін, қолдың ұсақ моторикасын, дыбысты айтуы, жазуын, оқу техникасын тексеру. Олармен арнайы тыныс алу жаттығулары жүргізу.
Коррекциялық бағыт бойынша жұмыстар 3 кезеңге бөлініп жүргізіледі:
1) дыбысты қою кезеңі;
2) дыбысты машықтандыру,
3) дыбыстарды ажырату
Жазуында, оқу техникасында бұзылыстары бар балалармен әртүрлі жумыс түрлерін, оқыту түрлерін, сөздік қорды молайтуға арналған жұмыс түрлері жүргізледі.
Кеңес беру бағыты бойынша: Ата-аналарға, класс жетекшілерге кеңестер беру.
2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында бастауыш сынып оқушылары мектеп логопеді тарапынан зерттелді. Зерттеу барысында логопед маманның түзету жұмысын қажет ететін 81 оқушы тізімі анықталып, 50 оқушы есепке алынды. Қалған оқушылар кезекке қойылды. Есепке алынған оқушылардың сөйлеу тілінде әр түрлі тіл бұзылысаы кездеседі. Бұл оқушылар логопунктың тіркеу журналына тіркелді. Тіркеуге алынған оқушылар диагноздарына байланысты жас ерекшеліктерін ескере отырып топтарға бөлінді.
1.ФФЖ-49 оқушы
2.Тұтықпа-1 оқушы
3.Инклюзивті оқыту-17 оқушы
4.Үйден оқыту-7 оқушы
Әр оқушыға төмендегідей құжаттар дайындалды:
2020-2021 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары, тақырыптық жұмыс жоспары құрылды. Сабақ кестесі жасалып бекітілді. Сабақтардың негізгі сабақтардан тыс уақытта өткізілуіне мән берілді.
Логопункт құжаттарына байланысты төмендегідей құжаттар дайындалды:
Логопункт сабағына қатысатын оқушылардың сөйлеу картасы толтырылды.
Оқушылардың арнайы логопункт сабақтарына қатыстыру үшін сабақ кестесі құрылды.
Мектеп логопедінің жоспарына сәйкес логопункт сабақтарына қатысушы оқушылармен жеке жұмыс жүргізу жоспарланған. Логопункт сабағына қатысушы оқушыларымен түзету жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналармен үйде жасалатын жаттығу түрлерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде тыныс алу, ерін, тіл, саусақ жаттығуларын айтып өтуге болады. Оны оңашада айна алдында жасалатын жаттығу жұмыстарын бақылап отыру керектігі тапсырылды.
Сынып аралық және мектепшілік шаралардағы баланың ролін анықтау жұмысына байланысты оқушының сынып ішіндегі анықталғанымен мектепшілік шараларға қатысымын әлі де бақылауға алу керек.
Ш,Ж,Р,Л,С әріптерінің айтылуына байланысты қиындық туғызған оқушылардың ата-аналарына үйде жасалатын жаттығуларды жасауда үнемі бақылау керектігі туралы кеңес берілді.
Оқушыларға өз бетінше жұмыс жасауға арналған тапсырмалар берілді. Топтарға бөліп, түрлі жаттамақтар, жаңылтпаштарды сол жерде жаттатқызып орындауға тапсырмалар орындатылды. 1-4 сынып оқушыларына арналған «Ойын түрлерін», дидактикалық материалдарды жинақтауға ғаламтор материалдарына шолу жасалынып, деректер алынды. 1-сыныпқа арналған зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында оқушыларға тапсырмалар беріліп, сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасауға берілді.
Сабақ барысында 1 сынып оқушылары арасында сөздік қорын молайту жұмыстары жүргізілді. Оқушылардан жаттамақтар мен жаңылтпаштарды жылдам орындауға, жұмбақтар жасыруға тапсырмалар орындатылды.
Қазіргі елімізде болып жатқан карантиндік жағдайларға байланысты кейбір оқушылар, яғни жоғарғы сынып оқушылары үйден онлайн түрде оқып жатыр. Алайда, логопункт тіркеуіндегі бастауыш сынып оқушыларының барлығы дерлік офлайн режимінде түзету-дамыту сабақтарына қатысты.
тоқсан бойынша:
Оқушылармен логопунктте арнайы жоспарлы жұмыстар жүргізіліді. Сөздік қоры мен сөйлеу карталары, фонематикалық түсінігі (дыбысты қабылдауы, ажыратуы)тексерілді. Ең алдымен оларды тілге жасалатын артикуляциялық жаттығулармен таныстырып, жасалу жолдары айтылды. Сонымен қатар қолдың ұсақ моторикасына жаттығулар жасалды. Олар:мазайкамен жұмыстар, суреттерді бояу, пазл құрастыру, әріптерді жазу және т.б.
Жеке күнделікті тыныс алу жаттығулары жасалды. Жоғарыда айтылып кеткен жаттығулардың барлығы да күнделікті сабақ бастамас бұрын жасалуы тиіс екендігі ескеріліп отырды.
Оқушылармен жұмыс барысында дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырып, оқушылармен жеке сабақтар жүргізілді. Дыбыстарды дұрыс айтқызуына арналған арнайы жаттығулар жасалынды.