1 желтоқсан – ел тарихының жаңа парағы ашылған күн. 1991 жылы қазақ елінің тұңғыш президенті сайланды. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Нұрсұлтан Әбішұлы – ел мойындаған кемеңгер тұлға. Бүгінгі жеткен жетістігіміз – Тұңғыш Елбасының еселі еңбегінің жемісі. Осы мерекеге орай, мектеп кітапханасы ZOOM платформасы арқылы кітапхана оқырмандарымен танымдық сағат өткізді. Шара барысында оқушыларға Елбасы туралы презентация ұсынылды. Сонымен қатар, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Елбасы шығармашылығы» бөлімдері бойынша Елбасының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер айтылды және де «Егер де мен Елбасы болсам…» деген оқушыларға сауал қойылып, пікірлері тыңдалды. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық. Ендеше, Тұңғыш Елбасы күні құтты болсын!
Кітапхана бөлімі