Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, 2-класс оқушыларына арналған онлайн түрде, яғни WhatsApp желісі арқылы ертегілерден үзінді оқу сағаты өткізілді. Оқушыларға ертегілерді тыңдау арқылы, орындайтын қосымша тапсырмалар берілді.
2 А, Ә, Б, В, Г кластары ертегіні тыңдай отырып, түсініктерін видеоға түсіру арқылы жеткізеді.
2 Ғ, Д, Е, Ж, З кластары аудио тыңдалым ертегілерін тыңдай отырып, өздерінің түсінгендерін сурет салу арқылы жеткізеді.
2 И, К, Қ, Л, М кластары – ертегілерді тыңдай отырып, өз шығармашылықтарынан «Менің қиялымдағы ертегі» атты тамаша туындыларын жазады.
2 Н, О, Ө, Т кластары – аудио тыңдалым ертегілерін тыңдай отырып, ертегілерден алған әсерлерін фотоколлаж, макет арқылы жеткізеді.
2 П, Р, С кластары ертегілерді тыңдай отырып, видео, сурет, «Менің қиялымдағы ертегі» атты ертегіден алған өз әсерлерін жеткізді.
Кітапхана бөлімі