Мемлекетіміз қазіргі таңда ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Президенттің халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық – білім беру мәселесін арттыру және бала мүгедектігінің алдын – алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында дамушы ұрпақтың тәрбиесіне көңіл аударады. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады. Міне, осы заңдылыққа орай жас ұрпақтың тәрбиесін, білімін нәтижелі жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр, әсіресе бұл міндетті мектеп жасындағы сөйлеу қабілетінде кемшілігі бар балаларға қатысты мәселені шешу өзектілігі жоғарылап отыр.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда әр түрлі заманауи технологияларды пайдалану, өмірге бейімдеу, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу, балаларды дамуындағы ауытқудың алдын алып, біріккен түрде жұмыстану(Монтессори технологиясы), баланың коммуникативті және бейімделу дағдысын қалыптастыру.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән — мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой — өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту сабақтары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді. Соның ішінде ең көп кездесетін технологиялардың бірі Монтессори әдісі, ойын терапиясы, арт терапия, құм терапиясы т.б. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты — балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында:зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі — ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады.
АРТ-ТЕРАПИЯ мүмкіндігі — балада когнитивтік дағды қалыптастырады: назарды, жадыны және ойлау қабілетін дамытады; әдеттегіден өзгеше ракурс арқылы өмірлік тәжірибесін жетілдіреді; бейнелі, қимылдық және дыбыстық құралдарды қолдана отырып, қарым-қатынас жасауға үйренеді; өзі және өзгелер риза боларлықтай мәнерлі сөйлеуге дағдыланады; — құнды, әлеуметтік дағды қалыптастырады; жаңа рольдерді меңгеріп, жеке тұлғаның беймәлім қырларын ашып, оны бақылауды үйренеді; өзін-өзі бағалауын көтереді; шешім қабылдап үйрену дағдысын жетілдіреді; босаңсу, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімдерге бой алдырмауға көмектеседі; бейнелеу өнерімен, әуенмен шұғылданып, шығармашылық қабілетін шыңдайды.
Өзгеріске,жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары,жаңашыл,ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі. Өзгеріске,жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні,қабылдауы,есте сақтауы,ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары,жаңашыл,ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі.
Мұғалім-логопедтер: Байтохина Ж.Т.
Ойлыбаева А.Қ.