Бүгін мектебімізде @60zhbbom Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауған ақиқаты» атты сұхбаттасу кеші өтті. Патриоттық кешке мектеп басшысы Абзал Амантайұлы бастаған ер азамат орынбасаралар мен 9-10 класс оқушылары, жас мамандар қатысты. Кештің қадірменді қонақтары, Ауған соғысының ардагерлері Қойлыбаев Арман Айтуғанұлы мен Кулов Аманғос Аманкелдиевич ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жауынгерлердің ерлігін сөз етіп, Ауған соғысы жайында құнды деректерімен бөлісті. Шара барысында оқушыларымыз бен ұстаздарымыз салмақты сауалдарына толымды жауаптарын алып, әсерлі, ашық әңгіме-сұхбат болды. Алдағы уақытта әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараларымыз әрі қарай жалғасын таба бермек.