Мектебімізде 5-11 сынып арасында тоқсан сайын Адалдық сағаты өткізіліп тұрады. Адалдық сағатының мақсаты оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
Оқушыларымызға адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі ретінде әр тәрбие сағаты сайын жан-жақты түсіндіріледі. Оқушыларымыз тақырып аясында сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.