Психологиялық сүйемелдеу тренинг сабағының басты мақсаты, балалардың бойларында адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
Міндеттері:
— Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
— Қайырымдылық қарым — қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;
— Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Мейірімді адам өзге адамға, туған — туыстарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. Әрқашанда адамдар бір — біріне жылы сезімдерін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Балалардың жүректерін мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толтыру біздің басты міндетіміз! Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды айналамызға шашып бөлісіп жүре берейік, балапандар аман болсын!
Мектеп психологтары: С.Жадырасынова
А.Хасенова