"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Логопедиялық массажды жүргізу жолдары

   Дизартрия және оның жойылған түрі. Дизартрия – сөйлеу аппаратының иннервациялық жетіспеушілігінен сөйлеудің мағыналық жағының бұзылуы. Дизартрия кезіндегі жетекші кемшілік орталық және перифериялық нерв жүйесінің бұзылуынан сөйлеудің мағыналық бұзылуы болып табылады.

     Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары, дауыстың пайда болуындағы кемістіктер, сонымен қатар сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады.

     Дизартрия кезінде аритикуляцияның, сөйлеу ырғағының, интонацияның, темптің бұзылатынын көрсетеді. Дизартрияның жеңіл түрінде кейбір дыбыстар айтылмай, күрделі түрінде сөйлеу мәнері жоғалады. Дизартрия кезінде бала әсіресе, ысқырық  дыбыстарды айта алмайды. Дыбыстарды айту кезінде баланың тілі бір жаққа бұрылады, ауа ағысы алға емес, тілінің екі жақ шетімен немесе оңға, солға бұрылады. Бала сөйлегенде сөздері түсініксіз, анық емес болады (бүйірлік сигматизм). Бұл кезде баланың тілінің ұшы тістің арасында тұрады. Бұл тісаралық-бүйірлік сигматизм. Сонымен қатар бүйірлік ротацизм немесе сөзде р, л дыбыстарын айта алмайды. Бұндай балаларға ассиметриялық күлкі жатады.

     Жойылған дизартрия жақтық сигматизм түріндегі ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылысы. Бұндай жағдайда маман бірден логопедиялық қорытынды жасай алмайды.

     Дизартрияның барлық түрін түзетуде логопедиялық массажды қолдану арқылы ғана нәтижеге жетуге болады. Массажсыз педагогикалық іс-әрекет көптеген уақыт пен күшті қажет етеді.

Күрделі дислалия. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы және психикалық дамудың тежелуіДислалия – ең көп таралған сөйлеу кемшілігі. Есту және сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің иннервациясы сау қалпында болады. Дислалия кезіндегі дыбыстарды айтудың бұзылуы артикуляциялық аппараттың аномалиясымен нмесе сөйлеулік тәрбиелеудің ерекшеліктерімен байланысты. Әдетте бұл сөйлеу кемшілігін түзету көп қиындық әкелмейді.

     Дислалия жай және күрделі болып бөлінеді. Жай дислалия бір дыбысты айта алмау (мысалы,

р дыбысы) немесе артикуляция жағынан бірдей дыбыстар (мысалы, с, з, ц).

     Егер дыбыстар тобы бұзылса (мысалы, ысқырық және ызың дыбыстар ш, ж, ч, щ) – күрделі дислалия. Дислалия және дизартрия көбінесе жалпы сөйлеу тілінің дамымауы және психикалық дамуының тежелуімен қатар жүреді.

     Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы – есту қабілеті мен зияты қалыпты дамымаған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Дыбыстарды афтуының бұзылуы, фонматикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.

     Психикалық дамудың тежелуі – орталық нерв жүйесінің органикалық және функционалдық жетіспеушілігінен болады. ПДТ балалар ақыл-есі кем балалармен салыстырғанда интелектісі сақталған, бірақ оқу кезінде өз қатарластарымен салыстырғанда қиындық тудырады. Бұл балаларда сөйлеук тілінің кемшілігі көп кездеседі.

     Жай дислалияда әдетте логопедиялық массаждың қажеті жоқ. Күрделі дислалия кезінде дыбыс айту бұзылыстарын түзетуде дәстүрлі әдістермен қатар артикуляциялық аппаратқа массаж жасау тиімді болып табылады.

     Тіл асты жүгеншесінің қысқалығына байланысты туындаған дислалия. Тіл асты жүгеншесінің ұзындығы қалыпты жағдайда 1,5 см. Егер тіл асты жүгеншесі қысқа болса, тілдің қозғалысы шектеулі. Сондықтан, дыбыстарды тілді жоғары көтеруді қажет ететін дыбыстарды айта алмайды. Бұл дыбыстарға ш-ж-щ-ч-л-ль-р-рь дыбыстары жатады.

     Қазіргі заманғы логопедтер бірден операциялық кедергілерді қолдануға тырыспайды. Тіл асты жүгеншесі өте серпімді және логопедиялық массаж бен артикуляциялық жаттығулардың әсерінен созылады. Бұндай кемшілік тістердің қисық өсуінен де болады. Қандай жағдайда да ортодонтпен кеңескен жөн.

      Алалия – сөйлеу тілінің жалпы немесе жартылай бұзылуы (3-5 жасқа дейін). Бас ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезіндегі болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы.

     Үлкен жарты мидың сөйлеу тілі аймағындағы зақымдануға байланысты моторлы және сенсорлы болып бөлінеді. Моторлы алалия кезінде бала өзіне айтылғанды түсінеді, бірақ оны айта алмайды. Сенсорлы алалия кезінде өзіне айтылған сөйлеу тілін мүлде түсінбейді немсее өтенашар түсінеді. Сенсорлы алалик балаларда эхолалия – қайталауға әдеттенген жаңғырық құбылыс байқалады. Бала қойлыған сұраққа жауап берудің орнына сұрақтың өзін қайталайды.

     Ринолалия – сөйлеу органдарындағы анатомиялық-физиологиялық кемшіліктіғң әсерінен дауыс тембрі мен дыбыстарды айтудың бұзылуы. Ринолалияның ашық және жабық түрі болады. Ашық ринолалия кезінде ауа ағыны ауыз арқылы емес, мұрын арқылы өтеді. Бұл ауыз және мұрын қуысының жарақаттарында, жұмсақ таңдайдың салдануы, қатты және жұмсақ таңдайдың жырықтарынан болады.

     Жабық ринолалияда мұрын жолдарының органикалық зақымдануы мен таңдай-жұтқыншақ арасындағы қабысудың функционалдық бұзылымы болып табылады. Мұрынның қайталанбалы сілекейлі бөлігінің гипетрофиясы, мұрын бұрылыстарының қисаюы, мұрын қуысындағы ісіктердің әсерінен пайда болады. Бұл кемшіліктерді операциялық жолмен түзетуге болады.

     Ринолалия кезінде логопедиялық массаж операциядан кейінгі кезеңде жүргізіледі.

     Тұтығу – сөйлеу аппаратына қатысты бұлшық еттердің құрысуынан сөйлеу ырғағының бұзылуы. Тұтығуда сөздің еріксіз тоқталуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады.

     Сөйлеу аппаратының құрысуына байланысты тұтығуды 3 топқа бөліп қарастырады: тоникалық, клоникалық, аралас.

      Клоникалық құрысу кезінде бала сөзде бір буында қайталап айтады, ал тоникалық құрысу бұлшық еттердіңұзақ немесе қысқа уақыттағы құрысуы. Аралас түрінде құрысудың 2 түрі қайталанады. Тұтығуды түзетуде құрысудың пайда болуын төмендету керек. Құрысудың пайда болуын төмендету үшін босаңсытатын логопедиялық массаж жүргізу керек.

     Дауыстың бұзылуы – сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясына сәйкес сөйлеу кезіндегі фонацияның болмауынан болатын кемшіліктерге жатады.

     Дауыс бұзылымының екі түрі бар:

  • Афония –дауысынан айырылу;
  • Дисфония – дыбыссыздық, дауыс шықпау. Жұтқыншақтың, тамақтың созылмалы ауруларына байланысты пайда болады.

     Дауыстың бұзылуы органикалық және функционалдық болып бөлінеді. Дауыстың функционалды бұзылуы дыбыстардың дұрыс қойылмауы психикалық факторлар арқылы организмге әсер ететін инфекциялық аурулар себеп болады.

     Органикалық дауыстың бұзылымына дауыс аппараттарының қайталанбалы асқыну процестерімен немесе анатомиялық өзгеріске ұшырау салдарынан болады. Дауыс бұзылыстарын қалпына келтіруде логопедиялық массаждар жүргізіледі.

 

Логопед-педагог Ойлыбаева Айтолқын