Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдауында: «Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар – біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл – ауқатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді. Сондықтан, қазақстандықтарды аталған іс – шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштікке және қайсарлық танытуға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көрсетуге шақырамын», — деп атап көрсеткен еді. Елбасының тапсырмасын іске асыру мақсатында еліміздің барлық аймағында 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізілуде. Акция мектеп жасындағы барлық балалар, оның ішінде аз камтылған, көп балалы, жайсыз отбасы, толық емес , ерекше қажеттілігі бар балалардың, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың оқумен қамтылуына жағдай жасау болып табылады.
Республика көлемінде өткізіліп отырған «Мектепке жол» акциясы барысында №60 жалпы білім беретін орта мектептің аз қамтылған отбасы оқушыларына ата-аналардың,ұстаздардың демеушілігі мен мекеме ұжымдары тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілді. Бірнеше мекемелерге демеушілік хат таратылды . Ақтөбе қаласы Нұр-сити ауданындағы «Айман» сауда орталығы мектебіміздің екі оқушысына Нағашыбаев Нұрбақыт, Мұхамбетжан Бибіайшаға мектепке қажетті киім кешекпен қамтамасыз етті. «Мектепке жол» акциясы бойынша ата-аналармен сынып жетекшілердің көмегімен 121 оқушыға сөмке, кеңсе тауарлары берілді.
Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімшілігі 2 оқушыға сөмке, кеңсе тауарларын берді.
Каранавирустық инфекциясының таралуына байланысты білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 13 тамызындағы №345 бұйрығы негізінде компьютер ме интернет қажет ететін оқушылар туралы мілімет жинақталды. Тамыз айында мектеп тарапынан 141 оқушыға компьютер берілді, 50 жаңа компьютер, 50 ноутбук, 40 планшет берілді. Қазақтелеком интернет жүйесінен 80 отбасыға уақытша 6-айға тегін интернет қондырылды.
Әлеуметтік педагогтар: Аймагамбетова А.А., Абдуллина А.Н.