15-мамыр Халықаралық отбасы күні қарсаңында «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Қалалық мәдениет үйі» МКҚК ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» байқауы өтті. Байқауға Ақтөбе қаласы, №60 ЖББОМ ұстаздары Қасымовтар отбасы қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. Касымов Жандос пен жұбайы Айгерим және балалары байқау барысында барлық турдан сүрінбей өтіп, жастарға үлгі бола отырып, отбасы құндылықтарын насихаттай білді. Құттықтаймыз!
Мақала авторы: Тубирова А.Е.