Ұлы Отан соғысы 76 жыл бұрын аяқталды. Бұл соғыс әлемдік тарихты, адамдар тағдырын әлем картасын өзгертті. Біздің халық жоғары ұйымдастырылған және тамаша қаруланған қарсылас – нацисттік Германия қысымына төтеп берді. Біз қарсы тұрдық және жеңіске жеттік.
Жеңіс үшін ең құнды баға төленді – адам өмірі. Әрбір отбасының тағдырында соғыс өз ізін қалдырды. Аталар мен бабалар, апалар мен әжелер әр күн сайын ерлік жасады. Олар шабуыл операцияларында өлімге беттеді, окоп қазып, дала госпитальдарын ұйымдастырды, партизан болу үшін ормандарға кетті, тылда жұмыс істеді. Әркімнің өз міндеті болды. Осының барлығы соғыстың соңғы күнін жақындатты. Жеңіс күні – ұрпақтарды сабақтастыратын ұлы мейрам. Осы орайда Ақтөбе қаласы, Қалалық Оқушылар Сарайының ұйымдастыруымен «Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді» атты бейнероликтер мен сюжеттер байқауы өткен болатын… Байқауға мектеп атынан бір жұмыс қабылданды. Сайыс шарты бойынша, жасұландықтар ардагер аталары, әжелері, туыстары туралы баяндап ролик түсіріп немесе қысқаша сюжеттер құрастыруы тиіс еді. Біз де, №60 ЖББОМ 8 «А» класс оқушылары, барынша дайындалып, Байғанин ауданының тумасы, ҰОС ардагері Касымов Нәжімет атаның кенже қызы — Нәжіметқызы Алтынгүл ханыммен сұхбат жүргізіп, арнайы сюжет жасап, байқауға мектебіміздің атынан қатыстық. Нәтижесінде, қарсылас 20-25 шақты мектептен басып озып, сюжет бағыты бойынша жүлделі 3-орынға ие болдық…Байқауға белсене ат салысып, жетелеген жетекшіміз — Тубирова Айгерим апайымызға үлкен рахмет….
Мақала авторы: Көбеген Ернат
№60 ЖББОМ