"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Айналайын” лагері

Жаз айлары – балалар үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Оқушылардың жазғы демалыс тиімді ұйымдастыру мақсатында 120 балаға арналған » Айналайын » жазғы сауықтыру тілдік лагері 14 маусым күні өз жұмысын бастаған болатын. Міне, сол 12 күн көзді ашып жұмғанша өте шықты. Лагерь барысында оқушыларға түрлі танымдық сабақтар болды. Ағылшын тілі, орыс тілі, математика пәндері ойын түрінде жүргізіліп отырды. Және де мектеп логопеді Байтохина Жанаргуль қосымша сабақтар жүргізді. Лагерь жұмысын қорытындылай келе 25 маусым күні жабылу салтанатын өткізді. Тәрбиешілер оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді.