2021-2022 оқу жылы #60 жалпы білім беретін орта мектеп үшін айтулы жаңалықтарға толы болды. Еліміздегі күрделі ахуалға қарамастан, биыл 1 класс оқушылары мектеп табалдырығын аттайтын болып, кішкене бүлдіршіндер қолына Әліппе оқулығы табысталды. Естеріңізге салсақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың хабарлауынша, жақында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әліппе оқулығы қайта қосылғандығы хабарланған болатын. Алғашқы қоңыраудан соң тағайындалған класс жетекшілер өз сыныптарымен таныстыра келе, жоспарға сай еліміздің азаттығына 3️⃣0️⃣ жыл толуына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Алғаш рет мектепке қадам басқан бүлдіршіндер жаңа таныстық пен сынып сағаттарынан ерекше әсермен тарасты. Жаңа оқу жылымен ата-аналар мен оқушыларымызды құттықтай отырып, бастамаларына сәттіліктер тілейміз!