"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ҮЗДІК БІЛІМ АРҚАУЫ

              Дұрыс тамақтану үздік білім кепілі. Дұрыс тамақтанатын адамдар көп ауырмайды ,психологиялық жағдайы жақсарады,көңіл күй көңіл көтеріңкі болады,ең бастысы жұмысқа қабілеттілігі,оқуға деген қызығушылығы артады.Балалар мен жасөспірімдердің ұтымды тамақтануы олардың денсаулық жағдайы сияқты ең негізгі мәселесі болуы тиіс.

2021-2022 оқу жылы  «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан» шыққан, мектеп тарапынан қаржылай және материалдық көмек алуға құқығы бар 686 (алты жүз сексен алты) оқушының тізімі анықталып, қамқоршылық  кеңестің қаулысы негізінде мектеп директоры бұйрығымен бекітілді. Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н.Беркімбаеваның облыс аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы қаулысына сәйкес және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің №62  бұйрығы негізінде  бастауыш,  орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы асхана жұмысына рұқсат етілді.

   Елімізде орын алған күрделі ахуалға сай мектебімізде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескеріле отырып, 2021 жылдың 2.09-30.10.2021қыркүйек күндері аралығында (6 жұмыс күні ішінде)  мектептің қаражаты есебінен тегін тамақтандыру жүргізілді .

   1 класс-97 оқушы                                           

   2 класс-82 оқушы                                         

   3 класс- 100 оқушы                                          

   4 класс-109 оқушы                                          

   5 класс- 96 оқушы

   6класс-71 оқушы

   7 класс-52 оқушы

   8класс-47 оқушы

   9класс-28 оқушы

   10класс-2 оқушы

   11 класс-2 оқушы.

  Оның ішінде жас мөлшері бойынша 6-10 жас аралығында 388 оқушы,  11-18 жас аралығында 298 оқушы