Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бегімбет ауылында 1994 жылы туылған. 2012-2016 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын, 2019-2021 жылдар аралығында осы университеттің «Химия» мамандығын бітірген. 2021-2023 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Химия» мамандығын аяқтап, магистр дәрежесін иеленді.
Еңбек жолын 2017 жылы Ақтөбе қаласы М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде лаборант қызметінде бастаған. 2018 жылдан бастап «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ химия пәні мұғалімі ретінде қызмет етті.
2024 жылдың қаңтар айында «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.