«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну» мемлекеттік стандартына сәйкес, 2021-2022 оқу жылында 685 оқушы мектеп қаражаты есебінен тамақтанады.Қазан айының 7-і күні бракераждық комиссия мүшелері асхана жұмысын, балалардың дұрыс тамақтануын қадағалау үшін кезекті тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру мақсаты: асханаға келген тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын, дайындау технологияларын, ас блогының санитарлық жағдайын бақылау. Тексеру барысында Қамқошылык Кеңестің төрағасы Әлиұлы Б. мен Жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы Э.Хамитовна бастаған комиссия құрамы асхана жұмысына оң бағасын берді.