Класс жетекшілерге психологиялық қолдау семинары
1-11 класс жетекшілеріне психологиялық қызмет тарапынан үш күндік оқыту семинары өтті. Бұл оқыту семинары, класс жетекші әр бір баланың психологиялық хал ахуалын, класс оқушыларының бір — бірімен қарым қатынас деңгейлерінің жағдайын білу мақсатында жүргізіліп, осы оқыту семинары негізінде жеңіл түрдегі психологиялық әдіс- тәсілдерді жүргізе отырып, зерттеуді және нәтижесі бойынша алдағы уақытта оңтайлы жұмыс жасауды үйренді.
Класс жетекшілерге психологиялық кеңес берілді
Ұрпақ тәрбиесі – ұлы іс. Өскелең ұрпақ тәрбиенің үлкен бір бөлігін мектептен алатыны даусыз. Олай болса шәкіртті дұрыс тәрбиелеу үшін, ұстаздың өзі тәрбиелі болуы тиіс.
- Баланың жетістігін байқап, көре білу керек.
- Жақсы сынып жетекші болғыңыз келсе онда талмай ізденіп, ешқашан жалықпаңыз.
- Балаларды бетінен қақпаңыз, ақылмен жол көрсетіңіз.
- Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырысыңыз.
- Эстетикалық талғамыңыз жоғары болсын. Балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдыққа, жарастықты сәнге жетелей біліңіз.
- Балалардың қателескенінен қорықпаңыз, ол келешекте сабақ болады.
- Өз уақытыңызды да, балалардың уақытын да бағалай біліңіз.
- Оқушыларға өз істерінің түпкі нәтижесін көрсететін істерді тапсырыңыз.
- Жас болып қалғыңыз келсе, оқушылардың арасында ұзақ жылдар жұмыс істеңіз.
- Өз жұмысыңызды күнкөріс қамы деп ұқпаңыз, жұмыс орнында өзіңізді дүниенің патшасындай сезініңіз.
- Оқушының ісіндегі әрбір қайшылықты көре біліңіз, кейде байқамаған болыңыз.
- Үнемі кінәліні іздеп, тықақтай бермеңіз.
- Неғұрлым әділ болсаңыз, соғұрлым мәртебелі боласыз.
- Оқушыға жұмыс тапсырсаңыз, ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтырыңыз.
- Өзіңіз оңаша жұмыс істемеңіз, барлық уақытта балалармен кеңесіп отырыңыз.
- Ашулансаңыз ашуыңыз ұзаққа созылмасын, тез ұмытуға тырысыңыз.
- Мектеп-қоғам-отбасы осы 3 ұғымның беріктігін сақтаңыз.
- Мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы жақындастықты үзбеңіз, керісінше нығайта түсіңіз.
- Баланың тағдырына ойланып қараңыз.
- Баланы таң қалдыруды ұмытпаңыз, даналыққа ұмтылу таңқалудан басталады.