"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Оқушылар арасында «Із кесуші» акциясы

№60 жалпы білім беретін орта мектептің психологиялық қызмет  

5 -класс оқушылары арасында «Із кесуші» акциясы өтті

 

Бұл акцияның мақсаты: Оқушылар арасында жағымды ахуал орнату және 5- класс оқушыларының орта буынға тез бейімделу жағдайын қалыптастыру, және  қатысушылардың өміріне жаңадан жаңалықтар, түрлі сезімдер  мен мәдени ақпараттарты жинақтау арқылы  өмір сүру кеңістігін кеңейту

Қатысқан кластар: 5а,5ә,5б,5в,5г,5ғ, 5е,5ж

Шарттары:

1.жауаптар шамамен емес, дәл болуы керек.

2.сабақ барысында тапсырманы орындауға қатаң тыйым салынады.

 Бұл акцияны орындау арқылы оқушыларымыз:

  • Ұжымдық ортада өзін-өзі  ұйымдастыру  әрекетін үйренеді;
  • Қарым-қатынас дағдылары дамиды;
  • Мектеп командасымен бірлесе жұмыс жасауды игереді;
  • Эмоционалдық  жәй-күйін (тонус) көтереді;
  • Әрбір қатысушыға жеке немесе топта психологиялық қолдау көрсету;
  • Қоршаған әлемге деген көзқарасын дамытады;

Жүргізілу барысы:

«Із кесуші» ойынының жүргізілу барысы өте қарапайым. Алдымен ойын жүргізушісі  қатысушыларға сұрақтар тізімі жазылған бланкалар береді. Тапсырманы орындауға уақытты белгілеп,шарттарын түсіндіреді.

Қорытынды сәт:

Тапсырмаға берілген уақыт аяқталғаннан кейін, бланкадағы жауаптар тексеріліп, жауаптармен сәйкестендіріліп, жиналған ұпай сандары есептеліп, жеңімпаздар анықталды. Берілген тапсырма бойынша оқушылармен қорытынды талдау жүргізіліп, оқушылардан кері байланыс алынды.