2022-2023 оқу жылында 9,11 кластарда өтетін қорытынды емтихандар туралы
2022-2023 оқу жылында 9,11 кластарда өтетін қорытынды емтихандар туралы
2022-2023 оқу жылы: Мемлекеттік қорытынды емтихандар

2022-2023 оқу жылында 9-кластарда қорытынды мектеп бітіру емтихандары 02 маусым -13 маусым аралығында; 11-кластар үшін мемлекеттік емтихандар 05 маусым -19 маусым аралығында өтеді.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9-сынып оқушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау пәнінен:
• ана тілінен (оқыту тіліне сәйкес қазақ немесе орыс тілі) жазбаша емтихан (эссе);
• математикадан жазбаша емтихан;
• орыс сыныптар қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан, қазақ тілінде оқытатын сыныптар орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
• таңдау пәндерінің бірі – физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілінен), шет тілі (ағылшын), информатикадан жазбаша емтихан.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11-сынып оқушылары бес пәннен емтихан тапсырады, олардың біреуі таңдау пәнінен:
• алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
• ана тілінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан;
• Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
• орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
• таңдау – физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шетел тілі (ағылшын), информатика пәндерінің бірінен жазбаша емтихан.
Емтихан материалдарын білім басқармалары дайындайды.