"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Қайғылы Қаңтар” тақырыбындағы дөңгелек үстел

Кеше елімізде болған “Қайғылы Қаңтар” оқиғасынан кейін, осы болған оқиғаны жоғары сыныптар арасында талқылап, жас жеткіншектердің өз құқықтары мен қауіпсіздігін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасарлары мен ұлағатты ұстаздар қатысты. Дөңгелек үстелде оқушылар өз пікірлерін білдірді. Іс-шараның мақсаты:оқушыларды әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, жат қылықтардан  аулақ болуға үндеу,  қоғамдағы  тәртіп бұзушылықтарға бой ұсынбауға, адамгершілік нормаларға сай емес жат әдеттерден аулау болуға үндеу, құқықтық  сауаттылығын арттыру. Дөңгелек үстел барысында «Алматы: қаңтар қасіреті» оқиғасы туралы да ой қозғалып, қоғам мүлкін талан-таражға салу(мородерство), әкімшілік, әскери орындарға зиян келтіру бойынша құқықтық жауапкершілік бар екендігін еске сала отырып, жастардың бойында құқықтық нормалар түсінігін қалыптастыру  туралы оқушылармен кеңінен пікіралмасулар жүргізілді.