Қазіргі таңда оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік шаралары мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары жоғары деңгейде жасалуда. Себебі, ауа райының қолайсыздығы, табиғаттағы апаттық және оқыс оқиғалар балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осы жайттардың алдын алу және бақылау мақсатында мектеп жанынан құрылған сақшылар тобы бүгін кешкі рейд жүргізді.
Сонымен қатар, барлық ересектерді балалардың қандай да бір көмекке зәру екенін немесе бала денсаулығына қауіп төніп тұрғанын байқасаңыз, оларды қорғауға және қол ұшын беруге шақырамыз.