Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Балалар әрқашан мемлекет назарында болуы тиіс. Ел президенті Қ.Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе 2022 жылды “Балалар жылы”деп жариялаған болатын. Және бұл жылды тек ұрандатып не мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін айтты.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығын қамтамасыз етіп жүрміз бе?
Осы орайда Ақтөбе қаласының №60 жалпы білім беретін орта мектетің жанынан үш маусымдық “Айналайын” жазғы лагері мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлының бастауымен ұйымдастырылды. Жазғы лагерьге әлеуметтік жағдайлары ескеріле отырып 370 бала тартылып, олардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді өткізілуіне көп көңіл бөлінді. Балалар үшін жасалған игі іске мектеп ұжымының мұғалімдері аянбай, уақытпен санаспай күш салысты.
Лагерьдің арайлап атқан әр таңы мектептің кең ауласында, таза ауада көңілді музыкалық ырғақпен ертеңгілік жаттығу жасаумен басталды. Демалушыларды қызықтыра алатын ертегі кейіпкерлері топ атауы болып алынды. Ойнайтын орын, зал топ тақырыбына сәйкес безендірілді. Лагерь тәрбиешілері жаңашылдықпен жұмыс жасай отырып балаларымыздың уақыттын көңілді, тиімді, есте қаларлықтай болып өтуіне еңбек етті. Таза төсек орын, аспазшы апайлардың жылы шыраймен ұсынған ас мәзірі балаларымыздың көңілінен шықты. Қаланың ортасындағы ойын-сауық орталықтары, ”Дельфин” бассейні, танымдық ойын байытатын мұражай, әртүрлі спорттық шаралар, ән-би кештері, конкурстар лагерь өмірін толықтыра түсті. Бір үйдің балаларындай бауыр басып достасып үлгерді.
Бұл орайда үшінші кезеңде жасақталған “Теңіз патшалығы” және ”Дәрумендер” отрядындағы 10-ға тарта топтың тәрбиешілері мен лагерь басшыларының еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Әр күн сайын ата-аналармен тығыз байланыс жасай отырып олардың ұсыныстары мен пікірлері мұқият ескерілді.
Демалыстың соңында балалар жазғы лагерьмен қимай қоштасты, ата-аналар өз алғыстарының шексіз екендігін білдірді.
Қош бол, жаздың шуақты күндері!
Рахмет, тәрбиеші ағайлар мен апайларға!
Жанбирбаева Толқын
Ақтөбе қаласы, «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ жанындағы
«Айналайын» жазғы лагерь тәрбиешісі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі