"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

2022-2023 оқу жылының №1 әдістемелік кеңесі

2022 жылдың 26 тамыз күні мектебімізде “Әдістемелік қызметтегі жетістік – мектептің жүйелі жұмысының жемісі” атты ұжымның кеңейтілген құрамымен 2022-2023 оқу жылының №1 әдістемелік кеңесі өтті. Кеңес барысында 2021-2022 оқу жылында әдістемелік кафедра меңгерушісі қызметін атқарған 10 кафедра меңгерушісі мектеп директоры А.А.Тажимишевтің Алғыс хатымен марапатталды.

Күн тәртібінде ұжымға әдістемелік кеңес туралы ереже таныстырылып, кеңес мүшелерінің функционалдық міндеттері айқындалды. Әдістемелік кеңестің құрамы мектеп басшысының бұйрығымен бекітіліп, ұжымға таныстырылды. Әдістемелік кеңес төрайымы М.Н.Ербозымова “2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы” әдістемелік нұсқау хаттың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Әдістемелік кеңес төрайымының орынбасары И.С.Мураталиева ұжымды 2022-2023 оқу жылының әдістемелік кеңесінің жылдық жоспарымен таныстырып, әдістемелік жұмыстардың жаңа оқу жылына арналған басты міндеттерін атап өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Х.Садыкова мектепішілік бақылаудың ережесін бекітуге ұсынып, жылдық мектепішілік бақылау жоспарымен таныстырды. “Жас мамандар мектебінің” жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Давлетова жаңа оқу жылында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жүргізілетін жұмыстарға тоқталып, класс жетекшілер мен пән мұғалімдеріне бейімделген оқу бағдарламасын түсіндіріп өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Турганбаева мектептегі тәрбие жұмысын жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелердің қаулысы оқылып, бірауыздан мақұлданды.