"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген қағиданың 123-тармағы негізінде Ақтөбе облысы білім басқармасының 2022 жылғы 15 тамыздағы №251 бұйрығымен бастауыш класс мұғалімі Мырзабаева Тоты Акимжановна «педагог-сарапшы» санатына және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2022 жылғы 26 шілдедегі №243 бұйрығымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бүркіталы Азамат Мұратұлы «педагог-модератор» санатына аттестатталды.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау жылына екі рет жүргізіледі. Алдағы оқу жылында кезекті аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, электронды портфолиолары тексерілді. Мұғалімдерге қажетті көмек пен жүзеге асырылуға тиісті жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілді.