"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

1 қыркүйек Білім күні


1 қыркүйек — барша оқушылар мен ұстаздардың, ата-аналардың қуанышқа толы күндерінің бірі.
Өткен оқу жылы өте сәтті әрі есте қалар тарихи жыл болды! Біз үшін айтулы мереке — мектебіміздің ашылғанына 5 жыл!✨ Біз 5 жылда үлкен белестерді бағындырдық! Биылғы оқу жылы да қуанышты жаңалықпен басталғалы отыр! Мектебімізге ұлы мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілуде! Ол- қоғамның, мемлекеттің қайраткері, ғалым, академик және халқының біртуар азаматы бола білді.
Біздің мектебіміздің ұлы тұлға есімімен аталуын мақтан тұтып, сол атаққа сай жұмыстар атқарылатын болады деп сенемін. Жаңа оқу жылында оқушыларымызға үлкен жетістіктер мен сәттілік тілеймін!
Мен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді ерекше құттықтағым келеді! Олар — алғашқы қоңырау соғылатын күннің ең басты кейіпкерлері және бар ғылымға жол салатын — әліппе оқулығының да алғашқы оқырмандары.
Барша ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Игі тілекпен, мектеп директоры А.А.Тажимишев

1 сентября

Сегодня, 1 сентября 2022 года в КГУ «ОСШ 60»состоялась разъяснительная работа по Посланию Главы государства Касым-Жомарта Токаева « СПРАВЕДЛИВОЕ ГОСУДАРСТВО. ЕДИНАЯ НАЦИЯ. БЛАГОПОЛУЧНОЕ ОБЩЕСТВО».
Разъяснительную работу начал директор школы Тажимишев А.А., где он отметил социально-экономическую значимость Послания и его ключевую роль в улучшении благосостояния населения.
Учитель истории Толыбаев Е.Т. кратко проанализировал приоритетные направления Послания и поделился новостями, которые могут возникнуть в сфере образования. Касимов Е.Н. выразил мнение, что предлагаемый главой государства системный план позволит повысить качество жизни и благосостояние народа. В своем выступлении педагог особо подчеркнул, что создание гражданского общества является залогом мирного и стабильного государства.
В завершениии обсуждения участники выразили поддержку всех инициатив, озвученных в Послании Президента, и необходимость проведения хороших и конкретных работ по их реализации.