"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” ТАҚЫРЫБЫНДА 6-8-СЫНЫП ЕР БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛЫ ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Мектебіміздің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 6-8-сынып ер балаларына арналған жоспарлы ұлдар жиналысы өткізілді.

            Жиналыс барысында кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша инспекторлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мұқамбетәзиев А.М, Қаймолдин Т.М жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылық заңдарымен,

            Құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, бопсалау, күш көрсету және кешкі мезгілде көшеде жүру жайында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың не екендігіне, кез келген қоғамдық қатынастардың заңмен реттелетіндігіне, оқушы құқық бұзған жағдайда оның ата-анасына әкімшілік жаза қолданылатыны  туралы жан-жақты түсіндіріп берді.