ХАБАРЛАНДЫРУ
«№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ – сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілген конкурстың нәтижесін хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізілді (2022 жылдың 25 тамыздан 04 қыркүйекке дейін); Конкурсқа қазақ тілі және әдебиеті пәнінен декрет орны, орыс тілінде және қазақ тілінде оқытылатын ағылшын пәнінен декрет орындары, қазақ тілінде оқытылатын математика пәнінен декрет орны, орыс тілінде оқытылатын математика пәні орны, орыс тілінде және қазақ тілінде оқытылатын информатика пәні, технология пәнінен бос педагог лауазымына конкурс жарияланған болатын. Ваканттық орындарға 71 тұлға құжаттарын тапсырды.
2022-2023 оқу жылына конкурстық комиссия шешімі бойынша бос педагог қызметіне өткен мұғалімдер:
Өткізілген конкурс нәтижесінде қазақ тілінде оқытылатын информатика пәнінен бос педагог орнына информатика пәні мұғалімі Махамбетова Жарқынай Кобландиевна жұмысқа қабылданды.
Қазақ тілінде оқытылатын математика пәнінен декрет орынының бос педагог орнына математика пәні мұғалімі Ғаббасова Анар Бауыржанқызы, резервке математика пәні мұғалімі Қазыбекова Салтанат Құтжанқызы алынды.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен декрет орынының бос педагог лауазымына қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Ержанов Бауыржан Смагулович пен Айсин Наурызгелді Тәуіржанұлы конкурстан өтті. Резервке қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Альжанова Мая Тыныштықбаевна алынды.
Қазақ тілінде оқытылатын технология пәнінен (қыз балаларға) бос педагог орнына Тулегенова Жанар Асетовна, резервке Панабек Арайлым Асылбекқызы алынды. Орыс тілінде оқытылатын ағылшын пәнінен декрет орнының бос педагог лауазымына Кульниязова Сауле Кубейсиновна, қазақ тілінде оқытылатын ағылшын пәнінен декрет орнының бос педагог лауазымына Еркунекова Айнура Карибаевна мен Сатенова Эльмира Итемгенқызы жұмысқа қабылданды.