Мектебіміздің ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де, бірнеше қызметкерлеріміздің қызметтік лауазымдары жоғарылап, салтанатпен шығарып салатын үрдіс қалыптасқан.
Бүгін, әрептесіміз және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турганбаева Мейрамгүл Бердібайқызын шығарып салу рәсімін жасап, жаңа қызмет, жаңа жолға шығарып салдық.
«Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге ҮЗДІК ПЕДАГОГТАРДЫ тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту» қағидалары АРНАУЛЫ БАҒДАРДАМАСЫНЫҢ БАЙҚАУЫНА қатысып, жеңімпаз атанып Алматы облысы Қонаев қаласына жаңа қызметке кетіп жатыр.
Ұжым мүшелері өздерінің қимастық сезімдерімен бірге әртүрлі естеліктерімен де бөлісті. М.Бердібайқызы өзінің тәжірибелілігінің арқасында ата-аналармен, оқушылармен және жастармен де нәтижелі жұмыстар атқарып, ірі жобаларды іске асырды, биіктерді бағындырды, әр ісіне мұқияттылықпен қарап, мектептің даму кезеңдерінде елеулі үлес қосты, өзіне ұсынылған қандай қызмет түрін де жатсынбай қабылдап, нәтижесін жемісті көрсете алды, өзінің еңбекқорлығымен жастарға үлгі болып, жол көрсете білді, республикалық, халықаралық жобаларда да есімі елеулі аталды, көпбалалы ана ретінде қаншама баланың басынан сипап, қамқорлық жасауда да еш аянып қалмады. Әріптесімізге жаңа қызмет орнына сәттілік пен шығармашылық даму, әр ісінде үздік атануын тілейміз!
Мейрамгүл Бердібайқызы Дінмұхаммед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептен, Қонаев қаласына жаңа қызметке кетуі ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ деп білеміз.