"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

РЕЙДТІК ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР

Ақтөбе қалалық ПБ Алматы ауданының №4 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ инспекторлары Ж.Туменбаев, Д.Баймағамбетова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Мұқамбетәзиев және мектеп жанынан ер мұғалімдерден құралған «Тәртіп сақшылары» жасағы рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізді. Олар мектеп маңында орналасқан дүкендерді, ойынханаларды аралап, кәмелет жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және табак өнімдерін сату бойынша заңнаманы бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Заңда белгіленген талаптарды орындамайтын азаматтар заң аясында әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын жеткізді.

            Мұндай бақылау — рейд жұмыстары тек балаларды бақылаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, балаларға қауіп төндіретін тараптарды да анықтай алады. Соның нәтижесінде, ауданымыздағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен психотропты заттарды қабылдау үшін қолдан жасалған, құрамында қауіпті сұйықтық қосылған қоспаны пайдалану құралдары табылды.

            Осы орайда аудан тұрғындарына болған жайтқа байланысты, балаларға өте мұқият болуды қатаң түрде ескертеді.

            Егер, балалардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жайттарды байқасаңыздар, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Мұқамбетәзиевке байланысуға болады.