Бүгін мектебімізде 9-11 класс оқушыларына арналған жиын өтті. Мектеп директоры ретінде оқушыларды мектептің ішкі тәртіп ережелерін бұзбауға шақыра отырып, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан кластардың ер балаларына АЛҒЫС ХАТ табыстады. Бұл алғыс хатты мен тарихи сәт деп білемін. Себебі, мектебіміз Д.Қонаевтың атын алғалы Д.Қонаевтың есімі бар мөр басылған АЛҒАШҚЫ АЛҒЫС ХАТТАР болды. Мектептің қоғамдық өміріне араластырып, балаларды еңбекке баулу игі іс деп білеміз. Сондықтан, осындай жұмыстарға бағыт беріп, балаларын жұмылдырған ата-аналарына да АЛҒЫС айтамын!