Жас класс жетекшілерге арналған семинар — практикум өтті. Семинар барысында “ Жас ұрпаққа тәрбие берудегі кітапхананың рөлі “ тақырыбында кітапхана меңгерушісі Г.К.Утениязова кітапхана мен класс жетекші арасындағы байланыста, класс жетекшілердің атқаратын міндеттер баяндамасын оқыды.
* Оқушыларды мектеп оқулықтарымен қамту парағын ( класс оқушыларының контингентін білу, 5 — 9 класс үшін ұлы мен қызын білу, оқушылардың кітаппен қамтылуы парағын жасап, бастауыш сыныптар үшін ата — ананың, орта және жоғары сынып оқушылардың кітап алғандығын растап өз қолдарын қойдырып ) тапсыру ( ведомость );
*Мектеп кітапхана активтерін ( белсенділерін ) сайлау;
*Мектеп кітапханасына экскурсия жасау;
*Кітапханамен байланыс дәптерін арнау;
*Оқырман формулярымен жұмысты жандандыру;
*Сыныптан тыс кітапханалық шараларға оқушыларды қатыстыру;
*« Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт » жобасын жүзеге асыру;
* Шығармашыл оқушылардың жеке шығармашылықтарын баспасөз беттеріне жариялау.