Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстанның Ата ( негізгі ) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі — өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн 30 тамыз — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы ( 1937, 1978, 1993, 1995 ж.) .