Бүгін мектебімізде белгілі тілтанушы ғалым, ағартушы, Алаш қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «А.Байтұрсынұлы мысалдарының тәрбиелік мәні» атты 8-класс оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру және Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарын бірлесе оқып, талдау арқылы тәрбиелік мәнін түсіну, өмірмен байланыстыру мақсатында өткізілген шарада оқушылар «Егіннің бастары», «Аққу,шортан һәм шаян», «Өгіз бен бақа» шығармаларын ортаға салып, талқылады. Қатысушылар А.Байтұрсынұлының ұрпақ тәрбиелеуде оқушы ұғынуына жеңіл, санасына сіңімді мысалдарында көтерілген мәселелердің қазіргі қоғамымызда да маңызды екеніне тоқталып, тұжырымды ойларын білдірді.
Дөңгелек үстелге қатысушы орта буын оқушылардың ұлт ұстазының астарлы ойынан салмақты ой қалыптастырғаны – мұғалімнің мақсатына жеткенін айқын көрсетті. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: БозшинаА.Ж Алишева А.М.