3-қазан күні Ақтөбе қаласы бойынша өзін-өзі басқару, яғни «Дублёр күні» болып жарияланды! Дінмұхаммед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте қапы қалмай,9-11сынып оқушылары мұғалім лауазымында қызмет атқарды.
Дублёр күнінің басты мақсаты:өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру,мұғалімдердің берген жұмысын нақты дұрыс атқару және оқушылармен жақсы тіл табыса біліп, білім беру.
Дублер оқушылар өздеріне берілген лауазымдық міндеттерін тиісінше атқарып, өндірістік кеңес өткізіп, есеп берді. Сабақтардың өтілуі мен мектептің ішкі тәртіп ережесінің орындалуын бақылауға алды. Педагог мамандығына қызығушылықтары артқан балалар өздерінің ерекше әсер алғандарын жасырмады. Бүгінгі осындай қызыққа толы күнде балалар жауапкершілікті талап ететін , қызығы мен қиыны қатар жүретін мұғалім мамандардың қадірін түсініп, оларға деген құрметі жоғарылап, біркүндік көмек көрсете білді.Сонымен қатар оқушылар тек қана мұғалім лауазымында ғана емес,«Мектеп әкімшілігі» ретінде өз міндеттерін орындады:
Мектеп директоры-Ұзақбай Арман
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Рысқалиев Арнұр
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Табынбай Қарақат
Шаруалық істер жөніндегі орынбасар-Алпамыс Ерлан
Оқу ісі жөніндегі орынбасары-Нұрланұы Бақыт
Оқу ісі жөніндегі орынбасары-Кәрім Аяулым
Оқу ісі жөніндегі орынбасары-Калиева Амина
Оқу ісі жөніндегі орынбасары-Макошева Дана
Оқу ісі жөніндегі орынбасары-Зухрап Дильназ
Оқу ісі жөніндегі орынбасары-Карагулов Нурали
Оқу ісі жөніндегі орынбасары-Қожақова Альмира
Аға тәлімгер: Жаппарова Гауһар Қайратқызы