"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

2022 жылдың 6 қазан күні мектебіміздің шығармашыл мұғалімдерімен «ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?» тақырыбында оқыту семинары өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н.Ербозымова ғылыми жобалар конкурстары мен оларды дайындауда жетекшілік жасап жүрген мұғалімдердің жұмысына талдау жүргізіп, жоспар бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстарына шолу жасады. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер С.М.Сырбаева «Ғылыми жұмысқа қойылатын басты талаптар» тақырыбында жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар мен жобаның құрылымына тоқталса, химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші М.Ж.Тажмаганбетова «Ғылыми жобаның эксперименттік бөлімін қалай ұтымды жүргізуге болады?» тақырыбында тәжірибе жұмыстарын жасауда мән берілуі керек шарттармен таныстырса, биология пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Г.Н.Бураханова «Ғылыми ақпаратты және әдеби деректерді электрондық кітапханадан іздестіру жүйесі» тақырыбында электрондық каталогпен таныстырды. Семинар соңында ғылыми жоба жетекшілері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.