Мұғалім мамандығы даналық пен жан жастығын, шығармашылық пен зор энергияны, мейірімділік пен қаталдықты біріктіреді!
Бұл еңбек — бағасы жоқ теңдесіз дүние!
Әр жыл сайын асыға күтіп, игі оқу жылының мерейлі мерекесіне айналып үлгерген — Д.Қонаев есімін алумен тұспа-тұс келген ҰСТАЗДАР КҮНІН тойлау бақыты мектептің кәсіподақ ұйымы және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен өзкізілген керемет кештен бұйырды.
Әдемі ән мен биге өрілген шарада оқушылар ұстазға деген құрметін білдіріп, өз өнерлерін ортаға салды.
Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізіп, ұстаз берер тәлім-тәрбие, үлгі-өнегенің бағасы өлшеусіз. Айтулы еңбекті мойнына қаншалықты жүк етсе де, ұстазға көрсетілер баға мен құрмет азаймақ емес. Мектебімізде білім саласына үлкен жаңалық қосып, шәкірт тәрбиелеп, жоғары жетістіктерге жетелер мұғалімдеріміз бүгінгі кеште Облыстық білім басқармасы басшысы атынан және қалалық білім бөлімі, Алматы ауданы әкімдігінен, Ақтөбе қалалық білім басқармасынан және Кәсіподақ ұйымымен мектеп басшысы атынан құттықтауларға ие болды. Сонымен қатар, 6 мұғалім «Елеулі еңбегі үшін » және «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерімен марапатталды. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, елдің болашағын тәрбиелеудегі жұмыстарыңызға талмас табандылықпен толағай табыстар тілейміз!